Мекеменің негізгі мақсаты құқықтық және нормативтік құжаттары белгелінген құзіреті шегінде өзінің аумағында Қазақстан Республикасының Білім туралы заңын және Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – саяси реформа мен экономикалық жаңғыру үдерістерінің басталғанының кепілі.
Мектеп оқушыларын қосымша біліммен қамту арқылы бала бойында адамгершілік, табиғатқа сүйіспеншілік, кішіпейілділік, қамқорлық қасиеттерін айқындауда туризмнің ролі өте зор екені мәлім. Туризммен қамтылған оқушының табиғатқа, дүниеге деген көзқарасы жолдастарының, ұстаздарының көз алдында оң бағытқа өзгеретіні белгілі. Осыған байланысты туристік-өлкетану жұмыстарды дамытып, жандандыру, орталықтандыру мақсатында Тасқала аудандық әкімияты Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жас туристер станциясы» МКҚК Тасқала аудандық әкімдігінің 2006 жылы 25 желтоқсандағы № 344 қаулысының негізінде құрылды. 2017 жылдың 25 шілде күні Тасқала ауданы әкімінің №170 қаулысы негізінде «Жас туристер станциясы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі болып өзгертілді. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 311 қаулысы негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Жас туристер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгерді.
Мекеменің алғашқы директоры Айтжанов Жанболат Халенович (2007–2010) болды. 2010–2012 жылдар аралығында Жас туристер станциясын Нарымбаев Бейбит Маратович басқарды. 2013–2015 жылдары директор қызметінде Кушалиев Казбек Набиуллович атқарды. 2015–2016 жылдар аралығында мекемені Доскалиев Марат Бахтыгалиевич басқарды. 2016–2020 жылдары мекеме директоры қызметінде Дюсенбеев Махамбет Саткалиевич болды.
Мекеменің негізгі мақсаты:
Мекеменің негізгі мақсаты – құқықтық және өзге де нормативтік құжаттармен белгіленген аудан аумағындағы білім беру саласында және құзырлық шеңберінде Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Мекеме қызметінің мәні:
- балалар және жасөспірімдермен оқу, мәдени ағартушылық, шығармашылық, ұйымдастырушылық қызмет болып табылады.
Мекеменің негізгі міндеті:
1) кадрларды орналастыру мен іріктеуді, өз қызметін дербес жоспарлауды, оқу-әдістемелік жұмыстарды қалыптастыруды жүзеге асыруға;
2) материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында мекеме мемлекеттік тапсырыспен анықталған және кепілдік берілген қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік басқару органымен бекітілген бағдарлама мен жоспарлар бойынша, мекеме:
1) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және Мемлекеттік білім стандарттарына сай жоғары ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік деңгейде білім процесін жүзеге асыруға;
2) оқу процесіне қатысушылардың мүмкіндіктері мен талаптарына қатысты оқыту мен тәрбиелеуді мемлекеттік және орыс тілдерінде қамтамасыз етуге;
3) үйренушілерге кәсіпорынның оқу-материалдық базасын пайдалануға беруге құқылы;
Мекеменің мекен – жайы: Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылы Панфилова көшесі 1 үй.
2021 жылы Тасқала аудандық «Жас туристер станциясының» құрылғанына 15 жыл толады. Осы 15 жыл ішінде ғана емес жалпы көп жылдардан бері аудан көлемінде көптеген іс – шараларды ұйымдастырып, облыс, республика көлемінде көптеген іс – шараларға қатысып, мекеме оқушылары және педагогтері жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр.
«Жас туристер станциясы» жанынан 20 үйірме өлкетану, туризм, спорттық бағдарлау және экология бағыттарында Мереке, Шежін, Бірлік, Амангелді, Оян, Атамекен орта мектептерінде және аудан орталығының барлық мектептерінде жұмыстануда. Осы үйірмелерде барлығы 300 оқушы қамтылуда.
Мекемеде 15 штаттық қызметкер және 9 штаттан тыс қосымша білім беру педагогтері жұмыстануда. Жоғары білімді 11 педагог және 2 арнаулы орта білімді педагог жұмыс жасауда. Мекеме педагогтерінің біреуі жоғары санатты, 1 педагог бірінші санатты, 1 педагог екінші санатты, 1 педагог – зерттеуші және 1 педагогте педагог – модератор біліктілік санаты бар.
Тел/факс: 8 (7113) 920-691
Элек.поч: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
http://jas-turist.taskala-bilim.edugov.kz/kz/biz-turali-zhas-turister.html#sigFreeId7119277131