Туған өлкенің табиғи және тарихи – мәдени мұраларын сақтау арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтыққа тәрбиелеу, ой өрісін кеңейту және өлкетанулық білімін көтеру мақсатында аудандық «Туған жер – алтын бесік» олимпиадасы ZOOM (онлайн) платформасы арқылы 12-13 қараша күндері өткізілді. Олимпиадаға аудан мектептерінен 5 мектеп командасынан – 15 оқушы қатысты.
Олимпиада 2 номинация бойынша өтті:
- «Ескерткіштер ел тарихы» номинациясы бойынша оқушы өз өлкесіндегі тарихи нысандар, ескерткіштер туралы зерттеу жүргізіп жобасын ұсыну қажет.Осы номинация бойынша жүлделі I –орынға Сәулет МЛ 10 сынып оқушысы Жеңіс Инабат, II-орын Амангелді ОМ 7 сынып оқушысы Рахматуллина Эльнара, III – орынды Қ.Сатбаев ат ОМ 10 сынып оқушысы Орынбай Ақбота иеленді.
- «Бәйге» номинациясы бойынша (өлкетанулық тест,тапсырмалар).
Номинацияға әр мектептен 2 оқушыдан қашықтықтан қатысты.Тест сұрақтары 30 сұрақтан тұрады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Тапсырмалардың жалпы тақырыптары: тарихи, әдеби, этнографиялық өлкетану бағыттары бойынша өтті. «Бәйге» номинациясы бойынша I - орынды Сәулет МЛ 10 сынып оқушылары Ахметова Асем мен Жасқайратова Амина алса, II орынды ЖББ Амангелді ОМББК 7 сынып оқушылары Дүйсенгалиев Асет пен Медекенов Эльжан, III орынды ЖББ Шежін ОМББК 10 сынып оқушылары Мамай Ғани мен Муратов Дастан иеленді. Екі кезеңнің ұпайларын қоса отырып, жалпы командалық есепте: I-орынға Сәулет МЛ, II орынға ЖББ Амангелді ОМББК, III – ЖББ Шежін ОМББК мектеп командалары жеңіске жетті.