14 тамыз күні Тасқала аудандық "Жас туристер станциясының" ұйымдастыруымен "07 Аймақ" туризм бағытындағы қашықтықтан квест - марафоны өткізілді. Бұл марафонға Шежін ОМ, Сәулет МЛ, Ы.Алтынсарин ат ОМ, Амангелді ОМ, Ақтау ОМ және Жас туристер станциясының командасы қатысты. Марафон нәтижесі бойынша 7-9 жас аралығы бойынша ІІ орын алған (Жас туристер станциясы) оқушысы Жанатов Ернар, 13-17 жас аралығы бойынша ІІІ орын алған (Шежін ОМ) оқушысы Тулеп Бақтияр. 13-17 жас аралығы бойынша І орын алған (Ы.Алтынсарин ат ОМ) оқушысы Елемес Айзада иеленді.