06 Нау 2021
Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні аудандық «Жас туристер станциясында» ашық есік күні өтті.

Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні аудандық «Жас туристер станциясында» ашық есік күні өтті. Іс – шараға аудандық білім бөлімінің мамандары, мектеп және қосымша білім беру мекемелерінің директорлары, директор орынбасарлары және ата – аналар қатысты. Келген қонақтарға «Жас станция жұмысымен таныстырып, жалпы шолу экскурсия ұйымдастырды. Іс – шараға қатысушылар жарыс және жаттығулар кезінде қолданатын туристік құрал – жабдықтармен көрмеде таныс болып, әрі қарай «Жас туристер станциясының» қосымша білім беру педагогы С.Лапшиннің Ұлы Отан Соғысы өткен жерлерде қазба жұмыстарын жүргізу кезінде тапқан жәдігерлерімен, фото материалдарымен танысып, осы жұмыстарға арналып жасалған бейне фильмді тамашалады. «Жас туристер станциясы» жұмысының келесі бір бағытын таныстыру мақсатында қосымша білім беру педагогтары Б.Дарменова және А.Сахиева мұражай жұмысымен таныстырып, оқушыларға мұражай туралы түсінік беру, туған жерге, елге деген ұлтжандылық, сүйіспеншілік сезімін арттыру мақсатында «Мұражайға саяхат» тақырыбында сабақ өткізді. Содан кейін келген қонақтар экология және геология бағытымен танысты. Бұнда қосымша білім беру педагогтары Н.Вологин және С.Хайруллина өздерінің жұмыстарымен таныстырып, тәжірибе жүзінде оқушылар экологиялық бағытта құстарға арналған үйшіктерді дайындау және геология бағытында әр түрлі тастармен жұмыс істеуді көрсетті. Тау туризмі, жаяу туризм қашықтықтарымен және жұмыстарымен таныстыру мақсатында қосымша білім беру педагогтары Е.Теміржан мен М.Орақ практика жүзінде оқушылармен аспалы өткел арқылы өту, қиғаш тартылған аспалы өткел арқылы көтерілу және дюльфермен түсуді көрсетті. Іс – шараның соңында «Жас туристер станциясының» қосымша білім беру педагогтары Б.Нарымбаев және Д.Изгалиева спорттық бағдарлаудан шағын жаттығу – жарысын ұйымдастырды. Жарысқа үйірме оқушылары қатысып, бақылау пунктерін ортада тұрған картаны ойға жаттау арқылы тапты. Орталық жұмыс қонақтардың көңілінен шығып, жұмысы оң бағаланды.