06 Нау 2021
Жаңалықтар

"Алтын дала"

Ағымдағы жылдың 7 қазан күні Жас туристер станциясының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысында балалар туризмінің дамуына үлес қосқан педагог В. Фоминді еске алуға арналған аудандық "Алтын дала" күзгі туриадасы өтті. Туриаданың мақсаты оқушылардың туристік - спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау, жаяу туризм техникасын дамыту болып табылады. Аудандық туриадаға Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің, Мерей орта мектебінің және Ақтау орта мектебінің оқушылары қатысты. "Жеке" қашықтығында ұлдар арасында 1 орынға Ақтау ОМ оқушысы Нигметуллин Айдар, 2 және 3 орындарға Қ.Сәтбаев атындағы ОМ оқушылары Мамбетов Бекжан мен Хайрлиев Қуаныш ие болды. Қыздар арасында 1 орынды Қ.Сәтбаев атындағы ОМ оқушысы Оразбай Гүлназ, 2 және 3 орынды Ақтау ОМ оқушылары Нигматуллина Эльдана мен Ергалиева Мариям иеленді. Қорытындысында туриада жүлдегерлерінен облыстық кезеңге қатысатын оқушылар командасы жасақталды.