Ағымдағы жылдың сәуір айында қашықтықтан аудандық спорттық бағдарлаудан «West orient» жарысы өтті. Жарыс спорттық бағдарлауды насихаттау, жастардың спорттық дайындығын дамыту, облыстық жарыстарға үздік спортшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Жарысқа 23 спортшы қатысты. M13 және Ж13 жас ерекшеліктерінде І орынға Оян ОМ оқушылары Талғат Әли және Болекбай Аружан ие болды. М15 жас ерекшелігінде Оян ОМ оқушылары І орынға Темірхан Нұрлыбек және ІІ орынға Романұлы Нұрберген мен Бекет Елшат ие болса, ал ІІІ орын Ақтау ОМ оқушысы Нигметуллин Айдарға бұйырды. Ж15 жас ерекшелігінде І орынға Оян ОМ оқушысы Серік Саягүл, ІІ орынға Ақтау ОМ оқушысы Ади Айнара және ІІІ орынға Сәулет МЛ оқушысы Бауыржан Мөлдір ие болды. М17 жас ерекшелігінде І орынды Оян ОМ оқушысы Уразалиев Галымжан, ІІ орынды Ақтау ОМ оқушысы Сундетов Мейрамбек және ІІІ орынды Сәулет МЛ оқушысы Сырымов Алихан иеленді. Ж17 жас ерекшелігінде І орынды Оян ОМ оқушысы Танашева Гульфия, ІІ орынды Ақтау ОМ оқушысы Гилымова Акбота және ІІІ орынды Сәулет МЛ оқушысы Ибраева Эмилия иеленді.
11 Қар 2021
Жаңалықтар