Бүгін Тасқала аудандық спорт клубы «Coworking» орталығында «Дарабоздар даңғылы» жобасы аясында «Сырласу саябағы» атты шығармашылық сұхбат алаңы өткізілді. Жобаның мақсаты: қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын жетілдіру, педагогтардың кәсіби құзіреттілігін шеберлігін шындау, өңіріміз бен аудынымыздың инновациялық жобалар арқылы жетістікке жеткен тұлғалармен кездесу, олармен тәлімі мен тәжірибесімен танысу, шығармашылық байланыс орнату болды. Жобаның ұйымдастырушысы «Жас туристер станциясы» КММ ұжымы. Жалпы жоба сегіз бөлімнен құрылған. Жобаның қонақтары облыстық туризм саласында еңбектеніп жүрген ұстаздар, ардагер туристер мен педагогтар болды. Атап айтатын болсақ;
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Спорттық бағдарлау» бөлімінің басшысы Нурманов Райлан Ерсайнович.
«Атамекен» қалалық балалар – жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директорының орынбасары Шантемиров Самиғолла Ибатович.
«Сәулет» мектеп – лицейінің география пәнінің мұғалімі, «Жас туристер станциясының» алғашқы директоры Айтжанов Жанболат Халенович
Бірлік негізгі орта білім беру мектебінің директорының оқу – ісі жөніндегі орынбасары, ардагер турист Хайруллина Сания Ищанқызы.
Жобаға келген қонақтарды тіркеу бөлімінен кейін, қолдарына бағдарлама мен туристік құралдың бір суретімен берілді. Содан кейін әр қатысу өздеріне сан тандап екіге білінді.Тақ сандар бар көрермендер туристік байлам бойынша кедергілерден өтіп ішкі залға кірсе, жұп сандары барлар көрермендер карабин құралы арқылы кедергіден өту болды. Барлық қатысушылар еш кедергісіз өте алды. Содан кейін жобаға қатысушылар «Жас туристер станциясының» көрмесімен танысты. Көрменің гифі ретінде мекеменің қосымша білім беру педагогы Тлегенов Мирлан Жумаситович барлық туристік құралдарының қыр – сырларымен таныстырып олар туралы ақпараттар берді. Көрмеден кейін «Сырласу саябағының» келген қонақтарын таныстырып, сыр сұхбат алаңының жұмысы басталды. Сыр сұхбат барысында қонақтарымызға әр түрлі сұрақтар қойылды. Алғашқы сұрақтары бұл салаға қалай келгеннен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі туризм бағытына деген көз қарастарыңыз. «Сырласу саябағы» сұрақ – жауап форматта өткізілгесін қызықты өтті. Келген қатысушылар қызығушылықтарын білдіріп қонақтарға сұрақ қойып кері байланыс орната білді. Жоба соныңда қонақтармен қатысушылар өз тілектерін білдірәп, «Сырласу саябағы» атты шығармашылық сұхбат алаңы өз мәресіне жетті.
http://jas-turist.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanaliktar-zhas-turister/12048-daraboz-da-yly.html#sigFreeId5f9e830d52